Келесі жылдан бастап қостанайлықтар электр қуатын бірыңғай тарифпен төлейді

Келесі жылдан бастап қостанайлықтар электр қуатын бірыңғай тарифпен төлейді

Бұған дейін жеке тұлғалар жарықтың бір килловаты үшін 17 теңге, ал заңды тұлғалар 29 теңге төлейтін. Салдарынан шағын және орта бизнес зардап шегіп отыр- дейді жоба жетекшілері, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақ кәсіпкерлері бір жылда электр энергиясына бір жарым миллард теңге артық төлеген.  Ал шығынды өнімді қымбатқа сату есебінен қайтарып жүрді. Сол себепті электр қуатының құнын реттеу әуелі әлеуметтік қиындықтардың алдын алу үшін жасалды. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған Ұлттық жоба әзірге Алматы қаласы, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында енгізіледі.

Серік Жұманғарин, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:

- Тарифтегі бұл өзгеріс әлеуметтік аз қамтылған топтарға еш әсер етпейді. Оларға облыстық мәслихат шешімімен тұрғын үй жәрдемақысы төленеді. Басты мақсат - тарифті көтеру емес, оны әрқайсының мүмкіншілігі мен тұтыну көрсеткішіне қарай баршаға тең бөлу.