9 шілдеде Құрбан айт мерекесі басталады

Күллі мұсылман үшін ұлық саналатын Құрбан айт мерекесі биыл 9 шілдеде басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас мүфти бүгін осыны мәлім етті. Бұл күндері мұсылмандар Жаратушының разылығы үшін құрбан шалып, жоқ-жітікке, жағдайы жұтаң жандарға көмектеседі. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр яки түйе шалуға болады. Құранда «ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылманға, оның ішінде жолаушы еместерге және негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болғандарға құрбан шалу – уәжіп» делінген. Бас мүфти халықты пендешілікке салынбай, пайда табу мен алыпсатарлыққа бармай, мал бағасын қымбаттатпауға, халықтың жағдайын ескеруге шақырды. Қасапшылар да өз қызметіне алатын ақысын өсірмей, жанашырлықпен елге қызмет етер деп үміттенеді.