Ақтөбеде бірнеше салада маман тапшы

Ақтөбеде бірнеше салада маман тапшы

Ақтөбеде жергілікті бюджет есебінен 87 тегін оқу гранты бөлінеді. Себебі бірнеше салада маман жетіспейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе педагогика, медицина, техника тіпті ауыл шаруашылығы білікті кадрға мұқтаж. Өңірге ағылшын тілі мен математика мұғалімі қажет. Сонымен қатар нейрохирург, агроном, электрик мамандар жетіспейді. Тегін оқитын 87 студент осы салаларға жолдама алады. Грантқа 90 млн теңге бөлінді. Енді үміткерлер конкурста бақ сынайды. 

Нұргүл Бертілеуова, облыстық блім басқармасы басшысының орынбасары:

– Енді келесі комиссияның отырысында осы мамандарды даярлайтын жоғарғы оқу орындарының арасында конкурс өтеді. Сол жерде олардың да жұмыс тәжірибесіне қарай отырып, мамандарды даярлайтын оқу орындары анықталатын болады.