Депутаттар Жамбыл облысындағы меднысандардың құрылыс барысымен танысты

Депутаттар Жамбыл облысындағы меднысандардың құрылыс барысымен танысты

Биыл Жамбыл облысында 23 медициналық нысан пайдалануға беріледі.

Оның 19-ы ауылды жердегі дәрігерлік амбулатория. Мәжіліс депутаттары осындай бірқатар нысандағы құрылыс барысымен танысты. Мәселен, Қаракемер ауылындағы амбулатория партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша Жол картасына енген. 25 орындық нысан құрылысы бір ай көлемінде аяқталуы тиіс. Жұмыспен танысқан депутаттар сапаға баса назар аударды. Құрылысшылармен кездесті. Жалпы облыста 2025 жылға дейін 54 медициналық нысан салынады деп жоспарланып отыр.

Мейрамбек Төлепберген, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген Жол картасында айқындалған объектілер, нысандардың дер кезінде, нақты орындалуын қадағалау керек. Бұл жерде әсіресе қоғамдық белсенділік жұмыстар дегенді айту керек. Адамдармен ақылдаса, кеңесіп пішетін мәселе. Осыған байланысты біздің депутаттардың сауалдарына арқау болатын мәселе бар бұл жерде. Соның бәрін қазір електеп, сараптап отырмыз. Алдағы күндері бірнеше ауданда боламыз.