Аrtsport платформасында ұрлық фактілері анықталды

Inbusiness.kz

Аrtsport платформасы арқылы қаржы жымқыру деректері анықталды.

Дәлірек айтқанда, мемлекет есебінен балалардың үйірмеге қатысқандығы туралы жалған мәліметтер пайдаланылған. Осыған қатысты сот санкциясымен Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы қамауға алынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет балалар шығармашылығын жан басына қаржыландыруға бөлінген қаражатқа қол сұққан басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеуді бастады.

Арман Тлеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

– Департамент тергеуінде 10 млн тг шамасында Аrtsport ақпараттық жүйесі арқылы балалар үйірмелерге қатысқандығы туралы жалған мәліметтерді пайдаланған ұрлаудың екі фактісі анықталды. Спорт мемлекеттік тапсырыс аясында 2022 жылы Шымкент қаласына 2,3 млрд теңге бөлінген. Бюджет қаражатын иемдену бойынша ұқсас фактілер қосымша тексерледі.