Елімізге келетін өзбек мигранттарының саны азайды

Елімізге нәпақа табуға келетін өзбекстандық мигранттар саны азайды. Қатары жылдағыдан бірнеше есе төмен.

Осы елдің сыртқы еңбек миграциясы агенттігі Қазақстанға биыл тек 53 азаматын жөнелтті. Былтыр көрсеткіш 3 мыңнан асқан.

Ал бейресми сандар бойынша шамамен 100 мыңы бар. Ресейге қатысты іскерлік белсенділік те мәз емес. Жыл басынан бері Өзбекстаннан осы мемлекетке 29 мыңға тарта мигрант барыпты. «Былтыр саны 100 мыңға пара-пар болған», - дейді мамандар.

Есесіне Оңтүстік Корея, Германия, Сербияға ат басын бұратындар көп. Десе де, өзбекстандық мигранттардың басым бөлігі әлі де Ресейде еңбек етеді. 2 миллионға жуығы сонда табыс тауып, еліне қыруар қаржы жібереді.