Аптап ыстықтан өрт қаупі күшейді

Аптап ыстықтан өрт қаупі күшейді

Жыл сайын елімізде 800-ге жуық орман және дала өрті тіркеледі. Биыл да жағдай оңып тұрған жоқ.

Бұл туралы өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов мәлімдеді.

Қазгидрометтің хабарлауынша, республиканың оңтүстік, шығыс және батыс бөліктерінде құрғақшылық пен жауын-шашын тапшылығымен ауа температурасы +40ºС-қа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.

«Мұның бәрі ормандағы өрт қаупін едәуір арттырады», - деді комитет төрағасы. Осыған дейін тілсіз жаудың 43%-і табиғи құбылыстардан, найзағай разрядтарынан туындаған, ал 50%-тен астамы адамның қатысуымен болған.