Халықаралық форум: заңсыз шығарылған ақшаны қайтару жолдары талқыланды

Халықаралық форум: заңсыз шығарылған ақшаны қайтару жолдары талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елден заңсыз шығарылған қаражатты қазынаға қайтару қажеттігін қадап айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған қатысты бүгін елордада Еуразиялық топтың арнайы халықаралық форумы өтті. Мақсат – бұл бағыттағы жұмыстарды тиімді атқару үшін шетелдік тәжірибеге сүйену. Осы орайда, Италия, Швеция, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстаннан және тағы басқа  елдерген арнайы делегаттар шақырылып, қылмыстық активтерді жедел қайтару жолдарын қарастырып, талқылады.

Сергей Тетеруков, Еуразиялық топтың атқарушы хатшысы:

– Біздің ұйымның мақсаты нақты бір істі зерттеу емес. Ал осы істермен күресетін құқықтық жүйені институт ретінде қалыптастыру және оның жұмыс тиімділігіне практика жүзінде баға беру.