Шымкентте жаңа саябақ салынады

Шымкентте жаңа саябақ салынады

Құрылысқа алты миллиард теңгеге жуық қаржы бағытталады.

Демалыс орыны «Шымкент сити» шағын ауданында пайда болмақ. Аумағы 18 гектар. Құрылыс басқармасы мемлекеттік сатып алу сайтында лот жариялады. Шаһардың бас сәулетшісі Ержан Нұразхановтың айтуынша, саябақта қылқан жапырақты ағаштар отырғызылады. Саябақ жанында конгресс холл, опера және балет театрын тұрғызу жоспарда бар.

Ержан Нұразханов, қаланың бас сәулетшісі:

- Мәселен, Түркістанда дәл осындай саябақтар шамамен 40 процентке қымбат. Алматыда да солай. Биылғы жылы құрылыс жұмыстары бастауы керек. Сәтін салса, бірнеше жылдан кейін бұл жер тамаша демалыс орнына айналады деген сенім бар.