Петропавлда жанған құдық суының сараптама қорытындысы дайын болды

Зертханалық тексеріс нәтижелері бойынша, жанған сұйықтықтың мұнай өнімі екені анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ әзірге оның нақты қандай зат екені белгісіз.

Естеріңізге салайық, қала маңындағы саяжайларда жер астынан шыққан су кәдімгідей жанып, тұрғындардың үрейін туғызған болатын. Оған байланысты экология департаменті қызметкерлері 3 Сынама алып, істі құзырлы органдарға жіберіп жатыр.   

Азамат Бектасов, Экология департаментінің басшысы:

- Көрсеткіштер бізде осы мұнай өнімдері бар екенін дәлелдеп тұр. Сонымен қатар санитарлық қорғау тарапынан өздері сынама алынды. Олар қазір жұмыста. Одан кейін осы біз нәтижелерін бірге алмастырып, осы біздің ластауыш көзін тапқаннан кейін тиісті шаралар қолданылады.