Үлескерлер үйді сүруге қарсы – Алматы

Үлескерлер үйді сүруге қарсы – Алматы

Алматыда үлескерлер «Қадам» тұрғын үй кешенін сүруге қарсы. 150-ге тарта үлескер ондағы құрылыстың соңына дейін жүруін сұрап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетейік, бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасы Наурызбай ауданында салынып жатқан осы кешенге қатысты тексеру жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтаған болатын. Серіктестікке қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, кейіннен заңсыз салынған үйді бұзу туралы талап-арыз қозғалды. Нәтижесінде сот «Қадам» тұрғын үй кешенін бұзу туралы шешім шығарды. Яғни құрылыстың тиісті рұқсат құжаттарының жоқтығы белгілі болды. Дәлірек айтқанда, мердігер сәулет-жоспарлау тапсырмасын алмаған.

Айта кетейік, сүруге шешім шыққан тұрғын үйлердің құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталып кеткен. Оған қаржы құйған үлескелер болса, құрылысы аяқталуға жақын үйлерді бұзбауды сұрайды.

Ақерке Рахымжанова, үлескер:

– Бұл жерде осындай тараптардың өзара келіспеушілігінің кесірі қарапайым халыққа, яғни бізге тиіп жатыр. Үлескерлер деген қарапайым халық, яғни біз . Мына жерде жылдар бойын жиған-тергенін салған адамдар бар. Ол жиғаны жетпей, қосымша несие алған адамдар бар үлеске. Біздің басты талабымыз бізге ақша қайтармай ақ қойсын. Бізге салынып жатқан үш үйді соңына дейін жеткізіп нәтижесін көрсетіп кілтін бізге берсе.

Айта кетейік, «Қадам» тұрғын үй кешенін бұзу туралы сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Ал компания сотқа қайта шағымданбақ. Құрылысқа жауаптылардың өздері болса, жұмыстың сәулет-жоспарлау тапсырмасынсыз басталғанын растап отыр.

Нұртас Маджанов «Qadam» тұрғын үй кешені құрылысының директоры:

– Біз айтып жатырмыз халықтан ақша алдық. Үлескерлер бар, аяғына дейін аяқтайық дедік. Бір жерлерде пожорным норматив не выдержал сноси. Кейбір  жерде дұрыс емес жасалып қойған болса, сүрілу керек. Бізде ол жағынан бәрі дұрыс. Тек құжатты дұрыс жасамағанбыз. Ең басты құжат жоқ боп тұр.