Кентауда кірпіш зауыты ашылды

Ал Кентауда бөлек-салақ емес, заманауи кірпіш зауыты іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өндіріс ошағы қаладағы арнайы экономикалық аймақта бой көтерген. Кәсіпорынның құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Қазір кірпіштің алғашқы легі шығарыла бастады. Зауыт әзірге айына 3 млн дана керамикалық кірпіш шығарады. Ал толық қуатына көшкенде жылдық қуаттылығы – 45 млн дана болмақ. Маңызды жобаға 1 млрд 720 млн теңге инвестиция тартылған. Мамандардың айтуынша, алдағы жылдары кірпіш өндірісі жылына 4-5 процентке өсіп отырады. Мұнда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Өндіріс ошағы Түркістан өңірін толықтай қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етеді.

Нұрлан Рыспеков, зауыт директоры:

Осы өңірді түгелдей қамтамасыз ете аламыз. Ең бастысы бұл жерде сапа. Бұл өте сапалы кірпіш болады. Түгелдей автоматты болғандықтан бұл жерде көп адам жұмыс істемейді. Бұл неміс технологиясымен шығады, біз бірақ Қытайдың құрылғыларын орнаттық. Біздің инвесторларымыз қытайлар.