Шымкентте домофон қызметін ұсынған компания пәтер иелерінен ай сайын негізсіз ақы алып келген

Шымкентте үш бірдей домофон қызметін ұсынған компания 38 мың  пәтер иесінен ай сайын негізсіз ақы алып келген.

Құрылғыны орнатқандар көрсетпеген қызметі үшін екі жылдан бері заңсыз ақша жинап отырған. Міндетті коммуналдық төлемге жатпайтын бұл қызметтің екі жақты келісім шарты да бәсекелестік заңнамасының нормаларына сай келмей шықты. Салдарынан өзге мекемені нарықтан ысырып, үстемдік еткен. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өңірдегі өкілдері сыртқы талдау кезінде осындай бірқатар заңбұзушылық дерегі анықталғанын мәлімдеді. Мекеме өкілдеріне ескерту хабарламалар жолданды. Аталған компанияға қатысты тұрғындардан қайта арыз-шағым түссе, тергеп-тексеру амалдары басталады.