Шымкентте «Сергек» камералары істен шықты

Шымкентте «Сергек» камералары істен шықты

Шымкентте көлік ағыны көбейген жолайрық бойында үш бейнебақылау камерасы істен шықты.

Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысын қамтитын камералардың бейнетіркеу жәшігі жол жөндеу кезінде бүлінді. Қалалық полиция департаменті қазір бейнебақылау камераларын қайта қалпына келтіріп, іске қосу жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Бірақ бұл үш күнге созылуы мүмкін. Әлеуметтік желіде әйел өзінің күйеуін осы қиылыста көлік қағып, күдіктіні таппай жүргенін жазды. Өйткені айғақтайтын бейнематериал жоқ. Ал полицейлер жолайрық бойында соңғы уақытта ешқандай жол-көлік оқиғасы болмағанын жеткізді. Шаһарда үш мыңнан астам «Сергек» бейнебақылау камералары орнатылған.

Асқар Әліпбаев, қалалық полиция департаменті жедел басқару орталығы басшысының міндетін атқарушы:

- Фирма бар бізде. Именно «Сергек» бейнебақылау камераларына қызмет жасайды. Олардың хаттарына сәйкес 21 тамызға дейін Рысқұлов пен Қонаев қиылысындағы айналма жолдағы бейнекамераларды іске қосамыз деп жауап берді.