Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық волонтерлер форумы өтті

Еліміздің рухани астанасында бас қосқан ерікті жастар өзара тәжірибе алмасып, түрлі саладағы ең қызықты жобаларды талқылады. Мәдениет, экология және патриоттық тәрбие беру саласы кеңінен қаузалды.

Форум мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдауға бағытталған. Жиында қандай мәселелер көтерілді? 

Күнделікті өмірде олар қарапайым ғана студент, кеңсе қызметкері, мемлекеттік қызметші болуы мүмкін. Бірақ оларды бір ортақ мүдде байланыстырады. Себебі олардың барлығы еріктілер. Олар кез келген көмекті тегін көрсетеді. Жасаған жақсылығын пұлдамайды. Рухани шаһарға Орталық Азия елдерінен еріктілер ұйымының өкілдері келіп, өздерінің озық тәжірибесімен бөлісті.

Эмира Сединалиева, ерікті /Қырғызстан/:

- Түркістан қаласында ұйымдастырылған волонтерлар форумы бізге ерекше әсер сыйлады. Көне шаһардың рухын сезініп, тарихи орындарды араладық. Орталық Азия елдерінен келген ерікті жастартар бас қосып, пікір алмасып жатырмыз.

Форумның бағдарламасы қызықты әрі ауқымды болды. Түрлі конференциялар, кездесулер, экологиялық шаралар мен Түркістанның киелі жерлеріне саяхат еріктілерге ғажайып көңіл-күй сыйлады.

 

Айбек Досымбетов, республикалық волонтерлер фронт-кеңсесі басшысының орынбасары:

- Бұл жердегі басты мақсатымыз алдағы уақытта елімізде волонтерлықтың  барлық бағытын дамтуға үлес қосу. Форум өз нәтижесін беріп жатыр. Қазір екі облыста бірінші кезең өткізіліп жатыр. Түркістан мен Бурабайда белсенді жастар жиналуда.

Сондай-ақ форумға қатысушылар Түркістанды ұмытпай, еске алып жүру үшін болашаққа хат жолдады.

 

Ернар Бектаев, Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары:

- Уақыт капсуласын біз еріктіелер 2072 жылға өз ойларын жазып, 2072 жылғы жастарға тілектерін білдіріп, амфитаетр жанындағы арнайы орынға орнатылды. 

Халықаралық форумның қорытындысы 18-19 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Ол жерде ТМД елдері бойынша 200-ден астам делегат қатысады деп күтілуде.

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш