Республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге битум жетіспей жатыр

Республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге битум жетіспей жатыр

Республикалық маңызы бар "Өнеге-Бисен-Сайқын", "Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы", "Атырау-Астрахань", "Ақтөбе-Қандыағаш", "Қалбатау-Майқапшағай","Талдықорған-Қалбатау-Майқапшағай" жолдарындағы жөндеу жұмыстарының кестеден кешігуіне битум тапшылығы себеп.

Мәселен, биыл аталған бағыттар бойынша 59 мың тонна битум қажет еді. Алайда оның  бар-жоғы  13 мың тоннасы ғана жеткізілді. Ол аздай дизель отынының жетіспеушілігі де жығылғанға жұдырық болып отыр. Тіпті тапшылық болмаған күннің өзінде құны көтеріліп кеткен. Мәселен құрылысқа қажетті техниканы қолдану үшін тәулігіне 100-130 мың тонна дизель отыны қажет.

Ләззат Стамғазиева, "Қазавтожол" ҰҚ ресми өкілі:

- Екіншіден, қиыршық тасты тасымалдауға арналған вагондардың саны да жеткіліксіз. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында карьерлер жоқ, сәйкесінше, қиыршық тасты көрші өңірлерден тасымалдау қажет. Бұл проблеманы шешу үшін "Қазақстан темір жолы " мен "ҚазТемірТранс" компанияларымен келіссөздер жүргізгенбіз, бірақ нәтиже байқалмайды.