Шығыстағы ауылдар жедел жәрдем қызметінің жұмысына шағымданды

Шығыстағы ауылдар жедел жәрдем қызметінің жұмысына шағымданды

Жедел медициналық жәрдем қызметінің жайбасарлығына Шығыстағы шалғай ауданындардың тұрғындары шағым айтты. Өйткені 103 номеріне шақыртулар ең алдымен облыс орталығына түседі. Ол жақтағы адам науқас туралы бүкіл мәліметті сұрап, тиісті ауданға тапсырғанша қаншама уақыт өтіп кетеді. Бұның соңы адам өліміне әкелген жағдай да тіркелді. 

Сексенді еңсерген Тәпитә  Жұмажанов Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылында тұрады. Тыныс жолдарының қабынуы асқынып бірнеше күннен бері аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр.Айтуынша сырқаты өршіген кезде жәдел жәрдем қызметін шақырта алмай біршама қиналыпты.Біресе байланыс нашарлап, ол түзелсе орталықтағы диспечерге жағдайды орысша түсіндіре алмай әбігер болған. 

Тәпитә Жұмажанов, Қабанбай ауылының тұрғыны:

- Орысша қайдан сөйлеміз, ұмытып қалдым жаман орысша бар еді, тіс жоқ бітіп отырған адамбыз. Скорое жағын түзесе деп отырмыз,қалаға қарамай.Тікелей жақын жерден алып кететіндей болыпКүткен жедел жәрдеміңіз мекен-жайыңызды дөп тапса жақсы. Орталықтағы диспечерлердің ауыл-аймақ атауларын шатастыратын кезі аз емес. Ал алғашқы көмек көрсетуде әр секунд маңызды.Мәселен Алтай ауданындағы бір шақыртуда жәдел жәрдем қызметі Береговая көшесін Серебрянск қаласынан іздеп әуре болған. 

Василий Куринский, Алтай ауданы Серебрянск қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Осылай шатасып жүргенде қаншама уақыт өтіп кетті. Жедел жәрдем қызметі Серебрянск емес,Северный ауылындағы Береговая көшесіне баруы керек еді. Алты сағат уақыт жоғалтқан. Салдарынан  у ішіп, өзіне өзі қол жұмсаған адамның өмірін құтқарып қала алмадық. Ең маңызды сәтті жіберіп алдық.Сондықтан  осы жағдай тағы да қайталанбас үшін жәдел жәрдем жұмысы жергілікті жерде басқарылғаны дұрыс.

Кейде орталықтағы мамандар ауылды емес, тіпті бүтін бір ауданның атынан мүлт кетіп, жәдел жәрдем тобын адастырып жібереді. 

Гүлнәр Тәменова, Күршім ауданы Марқакөл ауылдық амбулаториясының меңгерушісі:

- Кейде район ауысып кетуі мүмкін,Кейде Катондағы вызовты бізге беріп қалуы мүмкін.Олар білмейді қай  қай аудан, қай ауылға тіркелгенін.

Орталықтандырылған жүйе жедел жәрдем бригадаларына да тиімсіз.Өйткені кешіккен жағдайда жұрттан шағымды еститін солар. Біржан Ержанұлы Ақжар ауылының фельдшері. Оның  айтуынша, облысқа қарайтын жәдел жәрдем  шақыртуларға кеткен кезде жергілікті бригада Ақжардың өз басы мен маңайына барып үлгермейді. 

Біржан Ержанұлы, Тарбағатай аудандық ауруханасының фельдшері:

- Үш вызов түссе біз үлгермейміз кезек кезек,содан адамдар шағымданады. Бұрын вызовта  диспечер болып біз өзіміз отыратынбыз Вызов өзімізге түсетін өзіміз қабылдайынбыз кімнің үйі біліп тұратынбыз аты-жөнін көршісін десол ыңғайлы  болатын бізге негізі. 

Жедел жәрдем қызметін  бір орталықтан басқару- денсаулық сақтау министрілігінің жобасы. Сондықтан біз сондағы салалық мамандарға хабарластып, бірнеше ай дегенде әрең жауап алдық. Оның өзінде скайп арқылы. Берген жауаптарына қарасақ ауылдағы ағайынның шағымынан мүлдем бейхабар екендігі  байқалады. 

Бақыт Жәркімбеков, ҚР ДСМ "Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы" ШЖҚ РМК ситуациялық орталығының меңгерушісі:

- Жедел медицианалық жәрдем қызметін орталықтандыру нәтижесінде облыстағы жәдел жәрдем станцияларында халыққа жедел медицналық көмек көрсетуді жетілдіру және сапасын арттыру тұрғысынан жоғары нәтиджеге қол жеткізілгені байқалады.Қазіргі кезде халықтан шағым өте аз.

Ауылдықтар  шағым жазып, шақыртуға кешіккендердің соңына түсуге қауқарсыз.Бірі тым шалғай тұрса,енді бірі кеш те болса көмек көрсетілгеніне тәубе деп отыра береді. Дегенмен осы орталыққа бағынған жедел жәрдем жүйесінің жергілікті мамандарға қайтарылғанын қалайды. 

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов