Депутаттар мұнайшылармен кездесті

Депутаттар мұнайшылармен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сәлімжан Нақпаев пен Нұрлыбек Ожаев ембілік мұнайшылармен жүздесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда Атырау облысының экологиясы мен мұнайлы өңір үшін бірден-бір тірішілік нәрі саналатын Жайық өзенінің жайы талқыланды. Бүгінде облыс орталығында қоршаған ортаға зиянды қалдықтар шығаратын ондаған кәсіпорын бар. Олардың жұмысын экологиялық тұрғыда бақылауға халық қалаулылары ат салысатындарын айтты. Атыраудан сайланған Парламент депутаттары сапар барысында еңбек ұжымдарымен кездесіп, «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген әлеуметтік жобалардың орындалу барысымен де танысты. 

Сәлімжан Нақпаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Атырау облысы бойныша 285 нысан салынуы керек, 5 жылдың ішінде. Жалпы, біздің қараған құрылстарымыздың барлығы өз деңгейінде жүріп жатыр. Енді халықпен кездестік, онда елімізде жүріп жатқан саяси өзгерістер мен реформалардың барысы жөнінде, Қазақстан экономикасының осы 7 айдағы көрсеткіштері туралы да әңгіме болды.