«Хабар 24» арнасына 10 жыл толды

Бүгін қазақ телевизиясы тарихындағы айтулы күн. Осыдан тура 10 жыл бұрын, тәуілік бойы жаңалық беретін «Хабар 24» арнасы құрылып, алғашқы эфирін таратты. Арнамыз жас та болса, халықтың көкейінде жүрген күрделі мәселелерді айтып, өзекті тақырыптарды тікелей эфирде қаузады. «Хабар 24» аз уақыттың ішінде кең аудиториясын жинап үлгерді. Ел және шетелден соңғы жаңалықтарды күн-түн демей таратып, телеарнадағы жеделдіктің үлгісін қалыптастырды. Тәуілігіне 24 сағат 24 шығарылым арқылы 300-ден астам ақпарат таратылады. 

2012 жылдың 1-қыркүйегі. Секундтарды тағатсыздана санап, отандық телевизия саласына тәй-тәй басып, болмысы бөлек ерекше арна дүниеге келді. Міне, содан бері 10 жыл сырғып өте шығыпты. Десе де тәулік бойы хабар тарататын еліміздің тұңғыш әрі жалғыз арнасы осы уақыт аралығында өз көрерменін қалыптастырып, жан-жақты толысқан арнаға айналды. 

Дамир Аспан, "Хабар 24" арнасының бұрынғы жүргізушісі:

- Сондай бір қызық есімде. Бірақ, соңына дейін шығатын күні 1 қыркүйек күні кім алғаш болып эфирге шығады ол туралы бізге ешкім ешнәрсе жарып айтқан жоқ еді. Содан бір күні 31 тамыз күні күндіз Арман Балтабайұлы біздің басшымыз шақырып алып, кешке дейін ұйықтап келіңдер, бүгін түнде сәтін салса эфирді бастаймыз, есіңіп отырмаңдар, ұйқыларыңды қандырып, келіңдер деп қайтарып жіберді. Кешкі сағат 9-да келдік те, содан қызу дайындық, сағат 11-дің кезінде эфирге кіріп кеттім, содан кейін сағат 12-нің кезінде тікелей эфирді бастауды сол күні бастап кеттік.

Таңның атысы мен күннің батысы «Хабар 24» арнасының қызметкерлері көрермен қауымға сапалы әрі жылдам ақпар жеткізу үшін талмай еңбектенеді. Бұл жерде тілшілер ғана емес, кадр сыртында бір материалды көрерменге тікелей жетуі үшін бір қатар шығармашылық топ жұмыс істейді. Бейнеоператорлар, режиссерлар, дыбыс режиссерлары мен редакторлардың қызметін ерекше атап өткен жөн. Ал, әрдайым оқиға орнынан табылатын арна тілшілері жылдамдыққа төселгені сонша, кез-келген жерден тікелей байланысқа шыға алады.  Оған арнаның техникалық мүмкіндіктерін қосыңыз.

- Дәл осы форматтағы жарыстарды алдағы уақытта тұрақты өткізу жоспарланып отыр. Менде бар ақпараттар әзірге осы, Қуаныш сөз кезегі өзіңізде.

Аслан Қаженов, тілші:

- Он жыл бойы осылай, осындай үлгідегі жаңалықтарды беріп жүрміз, еліміздегі және халықаралық деңгейде болсын, әлемдік деңгейде болсын, маңызды деген шаралар осында өтіп жатқанын, басқа қалаларда өтіп жатқан, сол жерден тікелей эфирде хабар таратамыз. Әрине алғашқы құрылған жылдары бұндай техникалық мүмкіндіктер, басқа да жағдайлар бола қойған жоқ, соған қарамастан барынша тырысып, біз әрбір маңызды оқиғадан тікелей хабарлар таратуға тырысатынбыз.

"Хабар 24" - Қазақстандағы халықаралық тілшілер желісі қалыптасқан жалғыз арна. Арнаның меншікті тілшілері әлемнің 10 шақты елінде жұмыс істейді. Тағы 10-ға жуық шет мемлекетте фрилансерлер желісі бар. Яғни төрткүл дүниенің төрінен хабар алып, жедел жаңалық жеткізіледі.  

Берік Уәли, "Хабар" Агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы:

- «Хабар 24» арнасы да осы өзінің биылғы ақпарат кеңістігінде қадам басқан он жылдығы қарсаңында тың жобалармен халыққа асығу үстінде. Шын айту керек, қазіргі таңның өзінде 18 хабар эфирге шығып жатыр, жаңалықтардан бөлек. Оның 18-нің 4-уі жаңадан ашылған жобалар, тағы үш жобаны біз қосымша ашайық деп отырмыз. 

Биылғы мерейтойында да көрерменге сан түрлі бағдарламалар ұсынбақшы. Жаңа маусымға тартуы көп. Жаңалықтармен қатар «Халық үні», «Экономика» сынды бағдарламаларда өзекті мәселені қаузайды. Ал, «Бетпе- бет» араға жылдар салып көрерменмен қайта қауышады. Кезінде «Хабар» арнасының бренді болған бірегей жобаны басқарма төрағасы Берік Уәли жүргізеді. Бетбе бетке бірінші басшылар, министрлер мен облыс әкімдері тартылады.

Айнұр Қуатқызы, тілші:

- Тез, шынайы, жедел ақпарат жеткізу. Міне бұл «Хабар 24» арнасының басты ұстанымы. 10 жыл бойы көзі қарақты көрерменге ел және әлемнің түкпір-түкпірінен келген ақпаратты жедел таратып отырды. Тілшілер қауымы қайнаған оқиғаның ортасында жүріп, кез-келген ақпаратты тікелей эфирде бере алатын дәрежеге жетті. Мен мұны сеніммен айта аламын. Себебі менің де осы арнада қызмет еткеніме 10 жыл.

Айнұр Қуатқызы