Атырау және Маңғыстау облыстары Көкжиде жерасты тұщы су қоры есебінен қамтылады

Атырау және Маңғыстау облыстары Көкжиде жерасты тұщы су қоры есебінен қамтылады

Атырау және Маңғыстау облыстары Көкжиде жерасты тұщы су қоры есебінен сумен қамтылады.

Өңірді тіршілік нәрімен жабдықтау жобасын іске асыруға техникалық құжаттаманы жеделдету қажет. Аймаққа сапары барсында Премьер-министр Әлихан Смайылов осындай тапсырма берді. Атырауды Ресей шекарасымен жалғайтын автожолды реконструкциялау, Атырау қаласының оң жағалауындағы кәріз желілерін қайта жаңғырту жобаларын да таяу арада толық іске асыру қажет. Премьер-министр аймақ басшылығына өзге де әлеуметтік нысандардың құрылысын пысықтауды тапсырды.Үкімет басшысының айтуынша, облыс әкімдігінің тағы бір басты міндеті өңірлік экономиканы әртараптандыру. 2024 жылға дейін бұл аймақта 406 млрд теңгеге 260 жаңа инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. 2,7 трлн теңгеге тағы 114 жоба әзірлік үстінде.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Биыл республикалық бюджетте Атырау облысына 84,3 млрд теңге сомасында трансферттер көзделген болатын. Бюджетті нақтылау барысында 48,4 млрд теңге бөлдік. Бұл шығыстар бірінші кезекте өңірдің инфрақұрылымын дамытуға және әлеуметтік қажеттіліктеріне жұмсалады. Бұл қаражатты тиімді игеріп, сапалы нәтижеге қол жеткізу қажет.