Қостанай облысындағы өртті сөндіруге 250 теміржол қызметкері жұмылдырылды

Қостанай облысындағы өртті сөндіруге 250 теміржол қызметкері тартылды. Қазір оқиға орнында 5 өрт сөндіруші пойыз жүр.

Олар өрт сөндірушілерге су жеткізіп, инфрақұрылым нысандарын қорғайды. Орман өрті пойыздардың жүру кестесіне өзгеріс енгізді. 4 қыркүйек сағат 01:00-дегі жағдай бойынша 11 жүк және 6 жолаушылар пойызы тоқтатылды. Сондай-ақ алапат өртті ауыздықтауға елорда қаласының өрт сөндірушілері де аттанды.