Тоқпен жүретін 665 техника тіркелген – Ұлттық статистика бюросы

Тоқпен жүретін 665 техника тіркелген – Ұлттық статистика бюросы

Оның 518-і жеңіл көлік. Ұлттық статистика бюросы осындай мәлімет келтіріп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе соңғы 2 жылда темір тұлпардың бұл түріне қызығушылық артқан. Биыл 275-і жеткізілді. Құзырлы министрлік негізгі тасымалдаушылардың АҚШ, Германия, Қытай, Корея, Ресей екенін мәлімдеді. Отандық құрастырушылар да электромобиль шығаруға ден қойып жатыр. Қазақстанда электрлі көліктерді қуаттауға арналған 107 станса бар. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегінше, олар әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Ақтау қалаларында орнатылған. Тағы біреуін Нұр-Сұлтан-Щучинск бағытынан кездестіруге болады. Елде 5 жылдан бері электромобиль өндірісін дамыту және қажетті инфрақұрылымды құру бойынша пилоттық жоба жүзеге асуда. Арнайы жол картасы да бар. Стансалар желісі Қытай тәжірибесіне негізделген. Олар 1-3 сағат аралығында 22 кВт қуатта тоқ өндіруі керек. Әрі бір сәтте 4 көлікті қуаттандырады.