Өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға волонтерлер 270 тонна көмек таратқан

Өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға волонтерлер 270 тонна көмек таратқан

Өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға еріктілер 270 тонна гуманитарлық көмек таратты.

Аманаттықтар 5 күнде Аманқарағай, Озерное және Басаман ауылдарында тұратын 731 отбасыға азық-түлік жеткізді. Сонымен қатар апат басталған күннен бастап волонтерлер үйінділерді аршып, аумақты тазарту жұмыстарына белсене кірісіп кетті. Партия мүшелері Қостанай өңіріне 1200 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады. Қазіргі таңда 20 өңірде арнайы бекеттер жұмыс істеп тұр. 

Ернұр Қасымов, волонтер:

- Бұл жерде бесінші күн қатарынан жұмыс істеп жатырмыз. Айналада болып жатқан жағдайға қарасаң жан түршігеді. Жастар боп бірігіп көмек беруге келдік.

Жайна Әлімова, волонтер:

- Қыздардың жұмысы сұрыптау, тауарларды бөліп салу, қанша тауар кеткендігін, кімдер алып жатқандығын соның барлығын бақылауда ұстап жатырмыз.

Ольга Висюк, тұрғын:

- Осындай қиын кезеңге тап болғанымызда қолдап келген еріктілерге мың алғыс. Ауыр кезде бізді назарсыз қалдырмағандарыңызға рақмет.