Халықтың 82,4% Президент бастамаларын қолдайды

Халықтың 82,4% Президент бастамаларын қолдайды

Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан саяси бастамаларын халықтың 82,4 пайызы қолдайды. Қоғамдық саясат институты телефон арқылы жүргізген сауалнаманың нәтижесі осындай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сұрақтарға 18 жастан асқан 2 мың 400-ге жуық адам жауап берді. Респонденттердің басым бөлігі 7 жыл уақыт Мемлекет басшысына өзінің сайлауалды бағдарламасын орындауға жеткілікті деп санайды. Сондай-ақ әр бесінші адамға Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттің сайлауға тек бір рет түсе алатыны туралы бастамасы ұнаған.