БҚО-да 600-ден аса жас әскер қатарына шақырылады

БҚО-да 600-ден аса жас әскер қатарына шақырылады

Батыс Қазақстан облысында биыл күзде 600-ден аса жас жігіт әскер қатарына шақырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерзімді әскери қызметке шақыру SMS хабарламасы және мекенжайы бойынша шақыру қағаздарын жолдау арқылы іске асырылады. Әлеуметтік желілерде ресми аккаунттар ашылған. Болашақ сарбаздар өздерін толғандырған барлық сұрақтарға осы жерден және «Қарулы аүштер – адалдық алаңы» атты жобалық кеңседен жауап ала алады.

Альберт Бекмұханов, БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:

– Қазіргі таңда әскери борыштан жалтару, ауруды сылтаурату фактілері бар. 2022 жылдың көктемгі мерзімді әскери қызметте кейінге қалдырылу 12,3 пайызға, 31,9 пайызы жарамсыз, яғни әскери қызметке жарамсыз. Әскери есептен шығаруға жататын ол 1,3 пайыз. Олармен денсаулықты оңалту іс шаралары жүзеге асырылуда.