Елімізде бес түрлі жәрдемақы тағайындалады

Биыл елімізде пилоттық режимде 5 түрлі жәрдемақы тағайындалады. Бұл туралы Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен Цифрландыру комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни бала туу мен күтімі, мүгедектігі бар баланың жағдайын жасау, жұмыссыздық және мүгедектік бойынша жәрдемақылар тағайындалады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Отбасының цифрлық картасы» ақпарат жүйесін әзірледі. Бұл жүйеде 5,9 млн отбасы экономикалық, әлеуметтік және тұрғын үй жағдайлары, денсаулық көрсеткіштері мен, білімі бойынша 5 санатқа бөлінген. Осы мәліметтер негізінде, қажетті қолдау шаралары анықталады. Содан кейін азаматтарға, оларды қабылдау туралы SMS-хабарлама жіберіледі.