Семейліктер қала күнін атап өтті

Семейліктер қала күнін атап өтті

Бұл облыс аталғалы алғаш тойланған мереке. Жергілікті тұрғындар шат-шадыман спорт сайыстарын қызықтап, концерт тамашалады. Ал салауатты өмір салтын ұстанған жұртшылық «Абай марафонына» қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала күніне ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралардың шымылдығы «Абай марафонымен» ашылды. Жаппай жүгіріске 300-ден аса адам қатысып, 3, 5 және 10 шақырым қашықтықты бағындырды. 

Мейірбек Ақышбаев, қала тұрғыны:

– Мен өзім 78-ге кеттім. Құдай қаласа, енбі 4-5 айдан кейін 79-ға толамын. Менің жүгірген себебім – осы қаланың жастарына үлгі болып, салауатты өмір сүріп, ылғи да спортпен шұғылдануға тілмеймін.

Қала күнінде күннің көзі де күлімдеп тұрғандай. Сондықтан орталық алаңға жиналған қауымның қарасы көп болды. Мерекеге орай оларға аспалы көпірдің астында воркаут, паркур, скейт алаңдары ашылды. 

Димитрий Гариков, Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы:

– Бүгін қала бойынша таңғы 7-де басталған мерекелік іс-шаралар түнгі 12-ге дейін жалғасады. Концерт, көрме, спорттық ойындар ұйымдастырылады. Жаңа саябақ ашылады. 

Мереге байланысты барлық музейлерде ашық есік күні ұйымдастырылды. Жұрт мәдени-спорттық шараларға да белсене қатысты. Ал кешке осының бәрі отшашумен аяқталады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Медет Өмірхан