Ақтөбеде жергілікті билік көпірдің үстіндегі асфальт жабынын жөндейтін болды

Ақтөбеде жергілікті билік көпірдің үстіндегі асфальт жабынын  жөндейтін болды

Жаңа ғана өңірдегі тілшіміз хабарлады,  жергілікті билік көпірдің үстіндегі асфальт жабынын  жөндейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ертең өткелді жауып, ағымдағы жөндеу жұмыстарын бастайды. Әзірге асфальт бетіндегі ой-шұқырды уақытша бітейміз-деп отыр. Келесі жылы күрделі жөндеу жүргізіледі. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Айбек Қайырдың айтуынша, көпірді жаңғырту мердігер компанияның есебінен жүргізіледі. Себебі, өткел үстіндегі жабын кепілдік мерзімі өтпей тұрып, қирап қалған.