Елде зағип жандарға арналған брайль таңбасымен жазылған кітаптар мен оқулықтар жетіспейді

Елде зағип жандарға арналған брайль таңбасымен жазылған кітаптар мен оқулықтар жетіспейді

Ескі кітаптарды қайта басып, кітап қорын жаңалау қажет. Алматыда өткен «Арнайы кітапханалар және Байтұрсынов әлемі» атты жас кітапханашылардың алтыншы басқосуында осындай мәселе көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы елде көзі нашар көретін азаматтарға арналған 7 облыстық және 5 қалалық арнайы кітапхана жұмыс істейді. Жиында кітапханашылар мәртебесін арттыру жайы да сөз болды. Айта кетейік Алматы қаласында орналасқан республикалық  арнайы кітапхананың 2 жарым мыңнан астам оқырманы бар.  

Асхат Байұзақов, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың директоры:

- Кітаптар қоры кеңес үкіметінен қалған қор болатын. Бірақ соңғы екі жыл ішінде жақы ауқымды кітаптарымыз кітап қорын толықтырып, жайпақ баспада да, браль харпінде де кітаптар, аудио таспалар да, балаларға арналған кітаптарды биыл алып қорымыз толтырылып жатыр.