Енді елімізде медицина қалдықтары өңделеді

Қазір отандық өнімге басымдық беріліп жатыр. Енді медициналық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған контейнерді өзіміз өндіреміз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таяуда арнайы цех іске қосылмақ. Жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. Осы жерде медициналық қалдықтарды өңдейтін контейнерлер шығарылады. Ал оған А, Б және В класстарындағы қалдықтарды жинайды. Яғни биологиялық материалдармен ластанған заттар, зертханалық орындардан шығатын қоқыс пен токсикологиялық қауіпті қалдықтар жатады. Бұл кәсіпорын биыл іске қосылады.

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

Бұл жай қорап емес. Мұнда аса қауіпті медициналық қалдықтарды кәдеге жаратады. Кейіннен оны арнайы пеште өртейді. Бұған дейін дәл осындай қораптарды шетелден сатып алатынбыз дейді мамандар. Енді жуырда отандық өнімді қолдануға болады. Айтпақшы кәсіпорын сағатына 20 000 контейнер өндіре алады.

Әділет Есбергенов, жоба жетекшісі:

– 2018 жылдан бері медициналық қоқысты жинап, кейін утилизация жасайтын проект ретінде бастадық. Ғылым қорының конкурсына қатысып жеңіп алғанбыз, 300 млн-дай грант алдық. Үлкен мақсаттардың бірі шетелдік өнімді өзіміздің өніммен ауыстыру болды. Бірнеше жыл бұрын біздің елді мекеніміздің жанында дұрыс утилизацияланбаған, содан кейін қадағалап, өзіміз контейнер жасаймыз деген болды.

Қорап үш қабатты картоннан жасалған. Қауіптілік классына қарай түсі де белгіленген. Мұны пайдалануға да, тасымалдауға да ыңғайлы екені көрініп тұр. Бір ерекшелігі, контейнер кез келген температураға төзімді. Сондай-ақ қораптың бағасы шетелдік тауардан арзан. 

Кенжес Дүйсенов, өндіріс жетекшісі:

Қазіргі таңда 4 адам жұмыс істейміз. Сол төртеуміз техниканы құрдық. Түбінде тапсырмамыз көбейсе, адам саны да көбейуі мүмкін. Техниканы меңгеру үшін қосымша курстардан өттік.

Ашық дереккөздеріне сүйенсек, ел бойынша орта есеппен тәулігіне 70 тоннаға жуық медициналық қалдықтар жиналады.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Диас Қовланбаев