Өткен түнде күллі әлем экологиялық акцияға атсалысты, деп хабарлайды «Хабар 24». Әлгі бастамаға Қазақстан да қолдау көрсетті. Тіпті елордада 150 тұрғын үй кешені үндеуге үн қосыпты. «Астана-Арена», «Алау» мұз айдыны, «Барыс Арена», «Мәңгілік ел» монументі, «Нұр Әлем» сферасы секілді көптеген ғитмараттар да кешкі 20:30-да жарықтарын сөндірді. Дүниежүзінің 180 мемлекетінде электр қондырғылары мен сыртқы жарықты бір сағат бойы тұтынудан бас тартып, әлемнің дұрыс тыныс алуына мүмкіндік тудырды. Кремль мен Биг-Бен, Эйфиль мұнарасы мен Колизей де 60 минут бойы қараңғы тартты. 2007 жылы Сиднейде басталған салт-дәстүрге айналғандай. Мысалы, 2008 жылы «Жер сағатын» 35 мемлекет қолдап, 400-ден астам қалада бір сәтте жарық сөнсе, келесі жылы 74 мемлекет әлгі бастамаға қолдау көрсетті.