БҚО-дағы өткізу бекетіндегі жағдай

БҚО Ресейдің 5 облысымен шектеседі. Өңір аумағында 6 бірдей шекара бекеті бар. Соның ішінде көлік ағыны жағынан ең үлкені – «Сырым» өткізу бекеті. Біз дәл қазір сол жерге келіп отырмыз, деп хабарлайды «хабар 24».

Бұл жерде жүк көліктері онсыз да бірнеше сағаттап кезегін күтуге мәжбүр болатын. Ал қазір жағдай одан да шамалы күрделене түскенін байқауға болады. Шекарадан бері қарай өткен жолаушылардан сұхбат алған кезде, олар бері қарай өту үшін 12 сағаттай кезекке тұрғандарын айтты. Олардың барлығы да еңбек демалысын Қазақстанда өткізуге келгенін, туған-туысқандарына қонаққа келгендерін алға тартып отыр.

Шекара бекеті маңында, шыны керек, таксилер бұрын аз болатын. Алайда осы түннен бастап таксилердің қарасы күрт көбейгенін байқадық. Олар шекарадан бермен қарай өтіп жатқан жолаушылардың күрт асқанын айтып отыр. 

Авторлары: Еркебұлан Смадияров, Болат Жарылғасов