«Ұлы дала жорығы» Созаққа жетті

«Ұлы дала жорығы» атты республикалық марафон-бәйгеге қатысушылар Түркістан облысына жетті. Созақ жұрты шабандоздарды дастархан жайып, қошеметтеп, бар сән-салтанатымен қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марафонға қатысушылар Тайқоңыр елді мекені тұсында ат аяғын суытты. Дүбірлі доданың тоғызыншы күні Түркістан облысының шабандоздары алғаш болып мәре сызығын қиды. Екінші орында Маңғыстау облысының командасы келді. Үшінші болып Ақтөбе облысы командасы жетті. Қазір бас-аяғы 7 команда жарыс жолында. Жоба авторы Бақытжан Тұрлыбеков қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы 4 мың адаммен Торғайдан Созаққа алты күнде жеткенін еске салды. Марафон-бәйгеге қатысушылар Созақтан кейін Түркістанды бетке алады.

Бақытжан Тұрлыбеков, жоба авторы:

– Бұл жобаның ерекшелігі – қазақы жылқыларға қазір біз соғым сияқты қарайтын жағдайға жеттік. Кез келген атты бұрынғыдай қамыс құлақ, төрт аяғын тең басқан демейміз. Біз былай дейміз: «екі елі қазысы бар, үш елі қазысы бар жылқы екен» дейміз. Осы ұланғайыр аймақты жаудан қорғаған сәйгүліктерімізді біз қазір басқаша айтатын болдық. Біз бұл жерде ұҰлы өркениеттің мұрагері болғандықтан біз осындай салтаттылар мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Негізгі мақсатымыз осы.