«Қараөзек» бақылау-өткізу бекетінде мобилизация пункті ашылады

Бұл Қазақстан мен Ресей шекарасындағы Астрахань облысына тиесілі аумақ. Осы өңір губернаторы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жақын күндері Қазақстанмен шекарада әскерге шақыру қағазын беретін уақытша ішінара мобилизация пункті ашылады».

Көрші елден келетін көліктің көбі осы бекет арқылы өтеді. Бұған дейін мұнда жоғары дайындық тәртібі енгізілген еді. Өйткені елімізге өтпек болғандардың көптігіне байланысты бірнеше шақырымдық кезек пайда болған. Соңғы келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Қазақстанмен шекаралас Саратов облысында да жартылай мобилизация пункті ашылған.