Президент Семейде ұстаздар қауымымен жүздесті

«Ұстаз деген қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз – жоғары деңгейдегі тұлға». Бұл Президенттің Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж мұғалімдеріне қарата айтқан сөзі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Семейдегі сапары кезінде Президент іргелі оқу орнына ат басын бұрған еді. Мемлекет басшысы білім ошағының тарихы, жетістіктерімен танысып, осы жерде оқыған ұлы тұлғаларға арналған көрмені аралады. Сондай-ақ оқытушылар мен студенттермен пікірлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мамандарға ризашылығын білдірді. Президент елімізде жастарға жағдай жасау үшін біраз реформа жүзеге асырылып жатқанын айтты.