Қазақстандықтар Республика күнінде үш күн демалады

Қазақстандықтар Республика күнінде үш күн демалады

Енді қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін 16 желтоқсанда ғана тойлайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейінгі күнтізбеде 16-17 желтоқсан мемлекеттік мереке ретінде белгіленген болатын. Есесіне Республика күнінде 3 күн демаламыз. Мерекелер туралы заңның жаңа нұсқасында 22 қазандағы демалыс күнін 24 қазанға ауыстыру ұсынылған. Осы орайда қазақстандықтар 22 қазанда жұмыс істейді. Сәйкесінше, 23, 24, 25-інде демалады. Ал тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер санатынан алынғандықтан, бірінші желтоқсан жұмыс күні саналады.