Есіл өзеніне сазан тұқымдас 200 мың балық жіберілді

100 мыңы ақ амур болса, 96 мыңы – тұқы шабақтары. Экологиялық науқанның өтуіне қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы ұйытқы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балықтандыру материалдары Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданынан жеткізілді. «Бұл шара өзеннің экожүйесін жақсартуға септігін тигізеді», – дейді мамандар. Ақ амурды көбінесе «шөп тұқы» немесе «табиғи мелиоратор» деп атайды. Жыл сайын шамамен 10 см өседі. Ірі балықтардың ұзындығы –  1 метр 20 см, салмағы 30-32 келіге дейін жетеді.

Сымбат Әнуарбеков, ШҚО Күршім ауданы «Бұқтырма» балық өсіру шаруашылығының директоры:

- Есіл өзеніне ақ амурды жіберу себебіміз – судағы өсімдіктерді азайту. Балдырды, қамыс секілді қатты өсімдіктерді азайтуға үлкен үлес қосатынына кәміл сенеміз. Өйткені отырғызылған көлдердің ішінде қамыс қалмайды. Тұқы мен сазанды жібергеніміз бас қаламыздың әуесқой балық аулауды дамытуға, емін-еркін келіп демалуға осындай жағдай жасалып жатыр.

Сондай-ақ...