Ақмола облысының Жақсы ауылында көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

18 пәтерлі баспана «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып, кезекте тұрған көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жандарға үлестірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үйдің жалпы аумағы 800 шаршы метрден асады. Ал ондағы пәтерлердің алтауы 1 бөлмелі болса, қалғандарының бәрі 2 бөлмелі. Айта кетейік, Жақсы ауданында соңғы жылдары баспана құрылысы қарқын ала бастады. Соңғы жылдары онда бірнеше үй ел игілігіне берілсе, қазір 27 пәтерлі тағы бір үйдің құрылысы басталды.

Татьяна Лаутермильх, Жақсы ауылының тұрғыны:

- Мен 9 жыл бойы пәтер жалдап келдім. Осы күнді асыға күттік. Екі балам бар, олар да қатты қуанып жүр. Қазір олар сабақта, әйтпесе кілт тапсыру рәсіміне олардың да келгісі келді.