Журналист Ернат Қашқынов велосипедпен Түркия жеріне жетті

Қырқүйектің 5-і күні Торғай жерінен велосипедпен аттанған әріптесіміз, «Хабар24» арнасының тілшісі Ернат Қашқынов Қара теңізді жағалап, Түркияның Чо-рум қаласына жетіп қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді таулы, қыратты аймақ басталды дейді өзі. Ернат бұл сапарын Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнаған. Сол үшін ұлы ғалым туған, Ахмет ауылынан бастап, 5555 шақырым жүріп өтпек. Соңғы меже – Ыстамбұл. Қазір 4 мың шақырымнан астам жер жүрді. Ыстамбұлда Мұстафа Өзтүріктің басына барып, құран бағыштауды жоспарлап отыр. Бір қуанарлығы, Ернатты әр жерде қошеметтеп күтіп алып жатқан жұрт көп. Түркияның Самсун қаласында да студенттер қарсы алды.