Түркістан облысында алма ағашы гүлдеді

Түркістан облысында алма ағашы гүлдеді

Түркістан облысының Кентау қаласында алма ағашы гүлдеді.

Күз келіп, қазан айының ортасында жеміс ағашының бұлай гүл ашуы қала тұрғындарының таңданысын тудырды. 

Табиғаттың тосын сыйын куәгерлер ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісті. Тұрғындар мұндай құбылыс қалада бұрын-соңды болмағанын айтып отыр. Мезгілсіз уақытта гүл ашқан алма ағашы қаладағы №1 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының ауласында өсіп тұр. Бұл жемісті ерікті жастар осыдан 6 жыл бұрын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай отырғызған болатын.