Петропавлда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумы басталды

«Қоғамдық келісім» ұйымының ұйытқы болуымен өтіп жатқан шараның басты мақсаты – Ассамблея амбассадорларының жеке тәжірибесі арқылы мемлекеттік тілді меңгеру тетіктерін насихаттау, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым және этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар қатысып жатыр. Жиын барысында олар тіл төңірегіндегі өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныс-тілектерін айтты.

Қазбек Майгелдінов, «Қоғамдық келісім» РММ директоры:

– Ел тұтастығы – бұл тіл тұтастығы. Ал тілдің тұтастығын берік нығайту үшін бұл әрбір қазақстандық азамат өзінің жаңағы ұлтына қарамай, осы еліміздің азаматы болғаннан кейін атсалысуға толықтай жағдай жасау керек. Осы мақсат мысалы, бүгінгі форумның да нәтижесі бойынша көптеген ұсыныстар болады.