«Көк туым, желбіре!» акциясы Маңғыстау облысында жалғасып жатыр

Маңғыстауда дәрігерлер көк туды ұстап, Жұбан Молдағалиевтің әйгілі «Мен қазақпын» өлеңін оқыды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Боранқұл жедел-жәрдем станциясының қызметкерлері. Ақ халаттылар челленджді Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл көмек станциясы ұжымынан қабылдап, Бейнеу аудандық ауруханасы қызметкерлеріне жолдаған. Қазір бұл аймақта «Көк туым желбіре» атты акция өтіп жатыр. Республика күніне арналған челленджге кез-келген еңбек ұжымы қатыса алады.