Елде дипломы бар құрылысшы, дәнекерлеуші, ұста мен электр мамандарына сұраныс жоғары

Елде дипломы бар құрылысшы, дәнекерлеуші, ұста мен электр мамандарына сұраныс жоғары

Бірақ жастар техникалық колледждерде оқуға аса құлықты емес. Алматыда өткен «Колледж-тәжірибе-мансап» республикалық форумында осы мәселені шешу жолдары талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әдетте, құрылыс нысандарында өз бетінше үйренген адамдар істей береді деген түсінік бар. Былтыр тиісті біліктілігі жоқ жұмысшыларды жалдағаны үшін 14 компания лицензиясынан айырылған. Қазақстан Құрылысшылар одағының мәліметі бойынша бұл саладағы қажетті квалификациясы бар мамандардың үлесі 40 пайыздан асады. Форумға қатысушылардың айтуынша техникалық колледждер қазір жаңа жабдықтармен жасақталып жатыр.