Алматыда гастрономиялық фестиваль өтіп жатыр. LIVE

 Туристердің 80 проценті саяхатын жоспарлағанда елдің гастрономиялық жағын ескереді. Мұны әлемдік тәжірибе көрсеткен. Енді Алматы қаласы да туристерге әсем табиғатымен қоса, гастрономиялық мүмкіндіктер ұсынбақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Алматыда Almaty Food Fest халықаралық фестивалі өтіп жатыр. Арна тілшісі Қарлығаш Қайыпбекова тікелей байланысқа шығып, шараның қалай өтіп жатқанын айтып берді.