Жетісу облысы Қапал ауылындағы мешіт жаңартылады

Жетісу облысы Қапал ауылындағы көне мешіт қайта жаңарады. Бір кездері қараусыз қалған ғимарат енді туристер тамашалайтын нысанға айналмақ.

Сөйтіп, әйгілі ақын Сара, саяхатшы-географ Шоқан Уәлиханов пен Томас Аткинсон жүріп өткен ауылдағы тағы бір тарихи нысан қалпына келмек. Бұған дейін Шаяхмет көпестің үйі де жөнделген болатын.

Бір жарым ғасыр бұрын тұрғызылған мешіттің төбесінен су өткен. Сондықтан Саят Тоқтыбаев бастаған жұмысшылар ғимараттың шатырын ауыстырды. Сол кезде ол құрылыстың ерекшелігін байқапты.

Саят Тоқтыбаев, ауыл тұрғыны:

- Қабырғаның қалыңдығы бір метрге жуық. Төбесіне келсек, төбесі ауыстырып жақсы сақталған. Тақтайының өзі 4 см. Үлкен бөренелер қойылған. Скл Соның арқасында сақталып тұр. СКЛ Жұмысты биылша аяқтадық келесі жылы бастаймыз.

Ежелден құтты қоныс болған Қапал ауылында оннан аса тарихи ғимарат бар. Ауылдық кітапхана қызметкерлері көне нысандар жайлы мәліметтерді топтастырып жинақ етіп шығармақ. Оған мешіт туралы да мағлұматтар енгізіледі.  

Айсәуле Жайлаухан, Қапал ауылдық кітапханасының кітапханашысы:

- Бұл мешіт Ноғай мешіті деп аталады. Негізі 1865-66 жылдары қалаған. Жобасын Семей облысының бас сәулетшісі Никитин сызып бекітіп берген. Салушысы осы ауылдың қажысы Ғалиақпар деген кісі қаржыландырып осы мешітті салған. қабырғансы табиғи тастармен салып, сыртын кірпішпен оның сыртын ағашпен қаптаған екен.

Осыған дейін кәсіпкерлер ауылдағы Шаяхмет көпестің үйін жаңартып, туристер келетін нысанға айналдырды. Балаларға арналған ойын алаңын салды. Ал әкімдік елді-мекенге су тартып өзге де әлеуметтік мәселелерді шешкен. 

Қанатжан Қасенов, ауыл тұрғыны:

- Жол салынды. Үш төрт жыл болды. Биыл кем кетік жерлерін жөндеп кетті. Онан кейін мектептерге жас мамандар келіп жатыр. Жаңадан жөндеуден өтті екі мектеп. Оның арғы жағында балалар ойнайтын площадька бар. Жаңадан салынды.

Облыс аумағында «Жаркент мешіті» деп аталатын тағы бір сәулет өнерінің көне ескерткіші бар. Ол 1892-1895 жылдар аралығында салынған. Теңдесі жоқ тарихи нысанға да реставрация жасалып, ежелгі бейнесі қалпына келтіріліп жатыр.   

Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев