Павлодар облысында мыңнан астам бизнес-жоспар мемлекеттен қолдау тапты

Павлодар облысында жыл басынан бері мыңнан астам кәсіпкердің бизнес-жоспары мемлекеттен қолдау тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпкерлер пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және несиені кепілдендіру тетіктерін пайдаланған. Жалпы, өңірде кәсіп бастағысы келетіндер көп. Сондықтан, қаржылық қолдау да артты.  Бизнес-жобалардың көбі сауда, жеңіл өнеркәсіп, қайта өңдеу салаларына іске асып жатыр.  Мемлекеттік қолдаудың арқасында тұралап қалған жеңіл өнеркәсіп саласына да қан жүгіре бастады.  Жалпы, өңірде соңғы 12 жыл ішінде субсидиялау бойынша төрт мыңға жуық келісімшарт жасалған. Ал кепілдік бойынша екі мыңнан астам жоба жүзеге асты.  Облыс 2025 жылға дейінгі кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық бағдарламасы бойынша көш басында тұр.

Айгүл Әлібекова, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры аймақтық филиалы директорының орынбасары:

- Жыл басынан бері кепілдендіру құралы бойынша 500 жоба қолдау тапты. Жобалардың жалпы құны 14 млрд. теңгеден асады. Ал субсидиялау бағыты бойынша 590 келісімшарт жасалды. Кез келген кәсіпкер мамандардың кеңесіне жүгініп, мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алады.