Алыс шалғайда тұратын 80 мың қазақстандыққа тегін медициналық көмек көрсетілді

Алыс шалғайда тұратын 80 мың қазақстандыққа тегін медициналық көмек көрсетілді

Олардың 20 мыңы бала болды. «Медициналық пойыздар» әлеуметтік жобасының арқасында ауыл тұрғындары бұған дейін қол жеткізе алмаған мамандардың көмегіне жүгіне алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер 6 ай бойы өңірлерді аралады. Осы уақытта олар 147 бекетте тоқтап үлгерді. Әр стансада бірнеше күн бойы қабылдау жүргізілді. Соның арқасында 5 мыңнан астам шағын хирургиялық операция жасау мүмкін болды. 27 мыңға жуық адам тісін емдеп шықты. Пойызда қызмет еткен ақ халаттылардың айтуынша, ел азаматтары арасында қант диабеті, глаукома, липома, артроз, панкреатит сынды аурулар кең тараған. Сондай-ақ невропатолог, хирург, көз бен құлақ дәрігеріне деген сұраныс жоғары. Айта кетерлігі, бұд жобаны жүзеге асыру үшін шамамен 800 миллион теңге жұмсалды.