Ақтөбедегі медициналық университет кадр тапшылығын оңтайлы шешіп келеді

Дәрігерлер тапшылығын шешу үшін Ақтөбедегі медициналық университет химиотерапия және маммология саласына қажетті мамандарды даярлауды қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім ордасын жылына онға жуық онколог-дәрігер тәмамдайды. Мамандар Маңғыстау, Атырау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарына да қажет.

Ерболат Ізтілеуов, М. Оспанов атындағы БҚМУ медициналық орталығының жетекшісі:

- Онколог дәрігерлерді даярлау бойынша жоспар бірнеше жылға жасалады. Мамандарды оқыту, кәсіби біліктілігін арттыру кестесі алдын ала бекітілген. Бұл саланы таңдайтын резиденттерді іріктеп отырамыз. Ақтөбе облысын қамтамассыз ету үшін жылына 2-3 онколог жеткілікті. Радиолог-дәрігер болса 5 жылда бір маманға сұраныс туындайды.