Қазақстанда медбикелердің рөлі артады

Яғни алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде оларға да жауапкершілік жүктеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді олар науқастарды қабылдап, ауруды емдеуге немесе оның алдын алуға кеңес беріп көмектеседі. Осылайша, отбасылық дәрігерлерге түсетін салмақ азаяды. Осы және өзге де мәселелер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық орталығы ұйымдастырған жиында талқыланды. Сондай-ақ Тәжікстаннан келген дәрігерлер Қазақстанда ашылған алғашқы медициналық көмек көрсететін платформаның жұмысымен танысты.

Бунафша Джонова, «Отбасылық медицина оқу-клиникалық орталығы» ММ бөлім басшысы:

- Біздің жұмысымыз сапалы қызмет көрсетуді көздейді. Тәжікстанда халықтың 73% ауылды жерде тұрады. Сондықтан біз осы жағын ескеру керекпіз. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде сіздердің елдегі тәжірибенің тиімді тұстарын енгізуді жоспарлап отырмыз. Әрине, халыққа медициналық қызмет қолжетімді болуы тиіс.

Мелитта Якаб, МСАК бойынша ДДСҰ Еуропалық орталығының кеңсе жетекшісі:

- Қазақстан алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша көшбасшы саналады. Бұған дейін Өзбекстан мен Қырғызстаннан делегация келіп кеткен. Мұнда демонстрациялық платформа көктемде ашылған. Мұндай шаралар алғашқы медициналық көмекті күшейтіп, кедергілерді жоюды көздейді. Нақты медициналық қызметті ингерациялаудың тиімді тәсілдерін ұсынады.