Елімізде коронавирус қайта өршіді

Өткен тәулікте коронавирустан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бір тәулікте індет жұқтырған 47 адам тіркелді. Қазір 693-і емделуде. Олардың ішінде 82 пациент стационарда, ал 611 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Бүгінде екі адамның жағдайы өте ауыр. Бір азамат өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.